27 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы тағы өсті

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, доллар, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 15:52 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 27 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,28 теңгеге өсіп, 462,30 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 5,39 теңге болды.

Қытай юанінің бағамы 0,50 теңгеге көтеріліп, 68,75 теңгені құрады.

Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 461,6-463,6 теңгеден, еуро 536-541 теңгеден, рубль 5,19-5,33 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

27 тамызда халықаралық сауда-саттықта негізгі маркалы мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электрондық сауда-саттығында Brent маркалы мұнайдың қараша айына арналған фьючерстері 0,62%-ға арзандап, барреліне 86,40 доллар болды.

NYMEX электрондық сауда-саттығында WTI маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстері 0,73%-ға төмендеп, барреліне 81,63 долларды құрады.

Бүгін таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 458,87 теңге, еуроны 535,09 теңге, рубльді 5,42 теңге деңгейінде белгіледі.

27 тамызда күннің бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: