Доллар мен мұнай бағасы төмендеді: 24 қыркүйектегі көрсеткіштер
Фото: freepik
Сауда қорытындысында доллардың орташа өлшенген бағамы 3,6 теңгеге төмендеп, 441,89 теңгені құрады. Ресей рублі 0,11 теңгеге арзандап, 5,19 теңге болды. Қытай юанінің бағамы 0,72 теңгеге төмендеп, 65,86 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 441,6 теңгеден сатып алып, 443,6 теңгеден сатады. Еуроның сатып алу бағамы – 501,1 теңге, сату бағамы – 506,8 теңге. Рубльді 4,98 теңгеден сатып алып, 5,09 теңгеден сатады.
24 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,9%-ға арзандап, барреліне 102,16 долларды құрады. Америкалық WTI мұнайы сәрсенбімен салыстырғанда 0,8%-ға төмен бағамен, барреліне 91,39 доллардан саудаланды.
Бүгін таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 445,65 теңге, еуроны 508,71 теңге, рубльді 5,3 теңге деп белгіледі.
Бұған дейін 24 қыркүйектің алғашқы жартысында Қазақстандағы айырбастау пункттерінде шетел валютасы қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын хабарлаған едік.