5 қазандағы саудада доллар бағамы тағы күрт өсті
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 6,62 теңгеге өсіп, 454,98 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,38 теңге деңгейінде қалды.
Қытайдағы мереке күндеріне байланысты юань бойынша сауда жүргізілген жоқ.
Ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алу және сату бағамы – 456–458,6 теңге, еуро – 508,7–513,6 теңге, рубль – 5,14–5,27 теңге.
5 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent мұнайының фьючерстері 0,71%-ға арзандап, барреліне 101,52 доллар болды. Жұма күні Brent бағасы 0,06%-ға төмендеп, барреліне 102,25 долларды құраған.
Осы уақытта Нью-Йорктің NYMEX тауар биржасындағы электрондық саудада қарашада жеткізілетін WTI мұнайының фьючерстері 1,14 долларға (1,25%) арзандап, барреліне 89,97 долларға дейін түсті. Алдыңғы сауда сессиясында келісімшарт бағасы 1,76 долларға (1,9%) төмендеп, барреліне 91,11 доллар болған.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 447,73 теңге, еуроны 502,98 теңге, рубльді 5,35 теңге деп белгіледі.
5 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау пункттері шетел валютасын қандай бағамен сатып алып, сатқанын осы жерден көруге болады.