12 қазандағы сауда қорытындысы: доллар тағы арзандады

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 15:57 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 12 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге төмендеп, 451,31 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге өсіп, 5,37 теңгеге жетті.

Қытай юанінің бағамы 0,19 теңгеге төмендеп, 67,56 теңге болды.

Ақша айырбастау орындарында валюталарды сатып алу және сату бағамдары мынадай:

  • Доллар — 449,8 / 451,8 теңге;
  • Еуро — 504 / 508,6 теңге;
  • Рубль — 5,15 / 5,26 теңге.

12 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,65 долларға арзандап, 104,1 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 1,02 долларға төмендеп, барреліне 90,83 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 453,93 теңге, еуроны 508,72 теңге, рубльді 5,35 теңге деңгейінде белгіледі.

12 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталары қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын осы жерден көруге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: