Қазақстанда бірқатар салықты төлеу мерзімі 20 қазанда аяқталады

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 15:45 Фото: pexels
Қазақстанда 2026 жылғы 20 қазанда салық есептілігін тапсыру және бірқатар салық пен төлемақыны төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Параграф" ақпараттық жүйесі 2026 жылғы 20 қазаннан кешіктірмей салық есептілігінің мынадай нысандарын тапсыру қажет екенін еске салды:

  • - 328.00 нысаны – 2026 жылғы қыркүйек айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
  • - 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебі. Бұл талап 2026 жылғы қыркүйекте жасалған жер пайдалану шарттарына немесе сол айда алынған қатты пайдалы қазбаларды барлауға не өндіруге арналған лицензияларға қатысты;
  • - 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы жөніндегі декларация. Ол рұқсат 2026 жылғы қыркүйекте алынған және төлем мөлшері 100 АЕК-ке дейін болған жағдайда тапсырылады.

Сондай-ақ мынадай салықтар мен төлемақыларды төлеу қажет:

  • - 2026 жылғы қыркүйек айы үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі қосылған құн салығы (ҚҚС);
  • - 2026 жылғы қыркүйек айы үшін акциз, оның ішінде ЕАЭО аумағынан әкелінген тауарлар бойынша;
  • - мөлшері 100 АЕК-ке дейінгі қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы;
  • - ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде 2026 жылдың үшінші тоқсаны үшін орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
  • - 2026 жылдың үшінші тоқсаны үшін өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: