19 қазандағы сауда қорытындысы: доллар бағамы қалай өзгерді
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,08 теңгеге өсіп, 452,59 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,05 теңгеге көтеріліп, 5,45 теңге болды.
Қытайдағы мереке күніне байланысты юань бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ.
Ақша айырбастау пункттерінде валюталарды сатып алу және сату бағамдары мынадай:
- - доллар – 451,4–453 теңге;
- - еуро – 505,5–509,8 теңге;
- - рубль – 5,24–5,35 теңге.
19 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 2,06 долларға арзандап, 107,8 доллар болды.
Нью-Йорктің NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 1,6 долларға төмендеп, барреліне 99,81 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша доллар 452,12 теңге, еуро 508,95 теңге, рубль 5,41 теңге болды.
19 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталары қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын мына жерден оқуға болады.