Елордадағы Тәуелсіздік көпірі тағы жабылады
Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін 10-20 шілде аралығында асфальтбетон жабынының жоғары қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Тәуелсіздік көпірінің жабылатыны хабарланған. Алайда қолайсыз ауа райына байланысты 14 шілдеден бастап жұмыс тоқтатылып, жол жүру қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Енді, яғни 18-24 шілде аралығында Тәуелсіздік көпіріне асфальт төсеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда. Сондықтан 18 шілде күні сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 01:00-ге дейін асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу үшін Тәуелсіздік көпіріндегі жол бөлігін ішінара жабу жоспарлануда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бұл ретте қозғалыс көпірдің бір жағы бойынша екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.
Бұған дейін Жұлдыз айналымынан бастап "Garden Village" коттедж кентінің бұрылысына дейінгі учаскеде Қарқаралы тас жолы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні мәлім болды. Осыған байланысты 17-21 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript