Астанада бес бағдарға қосымша автобустар жіберіледі

Автобус, автобусная полоса, БРТ, BRT, скоростные автобусные линии, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2024 14:37 Фото: пресс-служба акимата Алматы
Астанада 9 қарашадан бастап бес бағытқа қосымша автобустар қосылып, рейстер арасындағы аралықтарды үш минутқа қысқартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа автобустар №3, 15, 31, 40 және 326 маршруттарға қосылады.

- №3 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);

- №15 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 15);

- №31 бағдар – енді 10 автобус (бұрын 7);

- №40 бағдар – енді 19 автобус (бұрын 18);

- №326 бағдар – енді 4 автобус (бұрын 3).

Графиктердің санын көбейту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы күндері басқа бағдарларға қосылған автобустар жөнінде хабарланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: