Елордада алаяқтықтың 30 эпизодына қатысы бар күдікті анықталды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, мошеннические схемы, вид мошенничества, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2024 16:50 Фото: Zakon.kz
Елордада полицияға 35 жастағы азамат арызданған, бір қыз виза агенттіктерінің атын жамылып, Еуропаға виза алуға көмектесемін деп, азаматтардан ақша алып жатқанын айтқан.

Астана тұрғынының интернеттен жұмыс визасын беретін жарнаманы көргені анықталды. Хат алмасу кезінде виртуалды жұмыс беруші лицензияның көшірмелерін беріп, құжаттарды және тіпті клиенттер тұратын бөлмелердің фотосуреттерін жіберді.

Ұсыныспен келісе отырып, өтініш беруші жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам қаражат жіберген. Алаяқ бір айдың ішінде барлық қажетті құжаттарды толтырып, Еуропаға баруды қамтамасыз етуге уәде берді.

Алайда, өз міндеттемелерін орындай алмаған күдікті бірте-бірте байланысын тоқтатты. Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық жасаған 34 жастағы күдікті анықталды.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу кезінде күдіктінің тағы 30 ұқсас эпизодқа қатыстылығы анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: