22°C дейін аяз және қар аралас жаңбыр: Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
Астана
29 қаңтар: бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Боран. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 1-3 градус аяз.
30 қаңтар: құбылмалы бұлтты, өткінші қар, бұрқасын. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 8-10 градус аяз.
31 қаңтар: құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады, бұрқасын болады. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 18-20 аяз.
Алматы
29 қаңтар: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
30 қаңтар: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жолдар көктайғақ. Желдің екпіні секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында.
31 қаңтар: ауыспалы бұлтты, өткінші қар жауады. Жолдар көктайғақ. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 градус аяз.
Шымкент
29 қаңтар: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Кейде тұман. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
30 қаңтар: құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Желдің екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 градус аяз.
31 қаңтар: құбылмалы бұлтты, өткінші қар, көктайғақ. Қатты жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 0-2 градус аяз.
Бұған дейін Қазақстанның 15 облысында синоптиктер 28 қаңтарда дауылды ескерту жариялаған болатын.