Қазақстандық оқушылардың жобасы әлем үздіктерінің қатарында: алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі білімді жастар туралы айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2025 09:26 Сурет: pixabay
2025 жылдың 14 сәуірінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің берген мәліметіне сай, Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды.

Ведомстваның ақпаратына сүйенсек, байқауға әлемнің 25 елінен 26 мыңнан астам оқушы қатысты. "YURT" жобасын ұсынған команданың құрамында алматылық оқушылар Анастасия Цой, Юлия Ким, Камила Ертісқызы және Ілияс Дәулет бар. Олар бірінші орынды иеленді. Команда Юпитердің орбитасымен қозғалып, оның Ганимед және Каллисто серіктеріне жақындай алатын автономды ғарыш станциясының жобасын таныстырды.

"Станция 30 мыңға жуық адам тұруға арналған, жасанды гравитация жүйесімен және толықтай дербес тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталған." Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Екінші орынды тағы бір қазақстандық команданың "Икарус" жобасы иеленді. 45 мың тұрғынға арналған Ганимедтің төменгі орбитасында орналасқан ғарыш станциясын құрастырушылар – Табылды Асан, Темірбулатов Арман, Інкәрбек Сабыржан, Құзбакова Томирис, Жапаров Мұхидин,

Әлішер Бағдәулет, Берік Уәли, Нұрсұлтан Айсұлу, Таиров Арлан, Бақыт Аслан. Жетекшілері — 12 сынып оқушысы Әділет Сандықбаев.

Space Settlement Contest — мектеп оқушыларына арналған халықаралық жыл сайын өткізілетін байқау. Ол оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін, креативтілігін және ғылымға ұмтылысын дамытуға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: