Орталық Азиядағы ең мықты армия: шеруде заманауи әскери техника көрсетілді

Әскери парад, Астана, 7 мамыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 12:16 Сурет: Zakon.kz
Жеңістің 80 жылдығына арналған парад майдангерлердің ерлігіне тағзым етуді, Тәуелсіз Қазақстан армиясының бүгінгі күш-айбынын көрсетуді көздейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысып отыр. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген.

Сурет: Zakon.kz

"Алғаш рет механикаландырылған колонналардың сапын "Бук", "Тор" зенитті-ракета кешендері, "Барыс", "Алан", "Айбар", "Таймас", "Террекс" дөңгелекті ұрыс машиналары, минаны залалсыздандыратын роботтары бар арнаулы автокөліктер толықтырып отыр", делінген Ақорда хабарламасында.

Зеңбірек, әскери, техника, Астана, 7 мамыр, әскери парад, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2025 12:16

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары шығаруды жоспарлап отырған ұрыс машиналары, роботтандырылған қайық және ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғылары таныстырылады.

Сурет: Zakon.kz

Әуе кеңістігінен А-400 әскери-көлік ұшағы, L-410 жолаушылар ұшағы және Би-300 патруль ұшағы ұшып өтеді.

Бұған дейін республикамыздың әрбір төртінші тұрғыны әскерге аттанғанын, майдан даласында атылған әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылғанын жазғанбыз.

2025 жылы 7 мамырда  елордадағы бас алаңда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтуде. Оның тікелей көрсетіліміне мына  арадан өте аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: