Оқу-жаттығу: Құтқарушылар елордалықтарды 3 шілде күні дүрбелеңге түспеуге шақырды
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 3 шілдеде елордадағы "Keruen city" сауда-ойын-сауық орталығында өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жайлы 2 шілдеде Астана қаласының ТЖД басқармасы мәлімдеді.
"Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2025 жылғы 3 шілдеде сағат 09.00-ден бастап Қорғалжын тас жолы 1 мекенжайында орналасқан "Keruen city" сауда-ойын-сауық орталығының ғимаратында өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізілетін болады. Осыған байланысты, Астана қаласының ТЖ Департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан аталмыш оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауды сұрайды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Түркиядағы апапат өртке кінәлі адам анықталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript