Астанада жалған доллармен сауда жасаған күдікті ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2025 16:05 Фото: Zakon.kz
Елордада автодүкен иесі полицияға шағым түсірді. Күнделікті табысты санау барысында 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкнот табылған.

Тергеу барысында белгілі болғандай, дүкенге келген сатып алушы автокөлік бөлшектерін сатып алмақ болған.

Алайда ол шынайы купюраның орнына сувенирлік ақшаны берген. Сатушы бұл сәтте мән бермеген. Кешкісін табысты есептеу кезінде дүкен иесі жалған ақшаны байқап қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 43 жастағы күдіктіні анықтады. Ол өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, жалған купюраларды интернеттен сатып алған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де дәл осындай қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Полиция елорда тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, бірден "102" нөміріне хабарласыңыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: