Елімізде жыл сайын донорды күткен 300-дей науқас көз жұмады

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 09:02 Фото: pixabay
Қоғамда өзгеге ағзасын беру мен "мәйіттік донордан" әлі де үркеді. Ал трансплантацияның шамамен 90 пайызы туыстар арасында жасалған.

Мамандар мәліметінше, бүйрекке – 3828, бауырға 219 науқас кезекте тұр. Сондай-ақ, 27 адам – өкпе, 145 жан жүрекке зәру. Кезекте тұрғандардың 128-і – бала. Ескеретін жайт, бұл тек ағза ауыстыруға қабілетті жандардың тізімі, деп жазады qazaqstan.tv.

4 мың дегеніміз – тек осы операцияға шыдай алатын адамдар. Ал жалпы мұқтаж жандарды қоссақ, бұл санды үшке көбейтуге болады. Демек, 12 мың адамға ағза қажет. Өкінішке қарай, ағза жетіспегендіктен олардың қатары жыл сайын азайып барады. Көбі өмірден ерте кетіп жатыр. Жақсылық Досқалиев, Медицина ғылымдарының докторы

Сарапшылар сөзінше, елімізде жыл сайын 300-ден аса науқас трансплантацияға жете алмай, көз жұмады. Себебі, ағза ауыстырудың шамамен 90 пайызы тек туыстық донордан жасалады. Ал мәйіттік донор мәселесіне келгенде қоғамда көзқарас әртүрлі.

9 айдың қорытындысы бойынша 9 бүйрек пен 4 бауыр мәйіттік трансплантациясы жасалды. Алайда 4,5 мың науқас күтіп отырған кезде бұл 13 ота жеткіліксіз. Жыл сайын шамамен 300-дей адам ағза жетіспеушілігінен көз жұмып жатқанда, 13 немесе ары кетсе 20 трансплантация мұқтаждарды толық қамтамасыз ете алмайды. Мэлс Асықбаев, Ұлттық ғылыми онкология орталығы ағзаларды транспланттау секторының жетекшісі

Ақ халаттылар мәйіттік донор сегіз адамға жаңа өмір сыйлай алады дейді. Былтыр 23, биылдың өзінде 40-қа жуық мәйіттік трансплантация жасалған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: