Синоптиктер елордалықтарға қолайсыз метеожағдайларға байланысты ескерту жасады

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, виды Астаны, виды города Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 09:03 Фото: pixabay
Синоптиктер еліміздегі төрт қала тұрғындарына 2025 жылғы 27 қазанда ауа ластануының жоғарылауына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, Астана, Қостанай, Көкшетау, Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеожағдайлар күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Өкпенің созылмалы ауруларынан, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулардан зардап шегетін адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Бұған дейін бірқатар өңірлерде тұман, найзағай және екпінді жел күтілетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: