Сәуір ортасында Қазақстанға қыс қайта оралады: аяз, жаңбыр және қар күтіледі

Батареи, отопление, теплоснабжение, тепло, система отопления, отопительная система, отсутствие отопления, холодные батареи, радиатор, радиатор отопления, радиаторы отопления, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2026 12:29 Фото: freepik
2026 жылғы 14–16 сәуір аралығына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде күрт суыту, нөсер жаңбыр, қар жаууы және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, ауа температурасы төмендейді:

  • батыс өңірлерде түнде +2…+10°С, күндіз +10…+15°С;
  • солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0…+7°С;
  • оңтүстікте түнде +3…+13°С, күндіз +8…+18°С.
"Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты, жауын-шашынды ауа райы сақталады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбырдың қарға ұласуы және көктайғақ болуы мүмкін", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Синоптиктердің айтуынша, елімізде келесі қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі:

  • жаңбыр, бұршақ және қатты жел:
  • 14–16 сәуір – батыс өңірлерде,
  • 16 сәуір – оңтүстікте,
  • 15–16 сәуір – солтүстік пен орталық аймақтарда;
  • 14 сәуір түнінде – шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр мен қар;
  • тұман және желдің күшеюі – республиканың көптеген өңірлерінде.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" 13 сәуірге арналған дауылды ескерту жариялап, Қазақстанның 15 облысында қауіпті метеожағдайлар болатынын хабарлаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: