Аяздан бастап +28°С-қа дейін: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Алматы, осень в Алматы, пасмурная погода в Алматы, тучи в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2026 10:57 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт құбылады: алдымен ел аумағында аяз бен қар жаууы күтілсе, кейін ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, кей өңірлерде жазға жақын +28°С-қа дейін жетеді.

Бұл туралы 2026 жылғы 18–20 сәуірге арналған ауа райы болжамында "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Скандинавия антициклонының жотасы еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, бірақ салыстырмалы түрде салқын ауа райын сақтайды. Алайда ауа массаларының алмасуына байланысты температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

"Елдің батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады – жаңбыр мен найзағай күтіледі, оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, жел күшейеді. Республика бойынша түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Метеорологтардың мәліметінше, күндіз ауа температурасы мынадай деңгейге дейін көтеріледі:

  • батыс, солтүстік және орталық өңірлерде – +15…+23°С,
  • шығыста – +10…+18°С,
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста – +17…+28°С.

2026 жылдың мамыр айында Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы ақпаратты мына жерден білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: