17 сәуірдегі саудада доллар бағамы 470 теңгеден төмен түсті

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2026 15:56 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 17 сәуірде сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 469,52 теңгені құрап, 1,68 теңгеге төмендеді.

Ресей рублінің бағамы 6,15 теңгеге дейін өссе (+0,1), Қытай юанінің бағамы 68,98 теңгеге дейін төмендеді (-0,30).

Айырбастау пункттерінде доллар 468,5–471,1 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 552–557,6 теңге, рубль – 6,05–6,17 теңге деңгейінде.

17 сәуірде әлемдік мұнай бағасы да төмендеу үрдісін көрсетті.

Атап айтқанда, ICE Futures алаңындағы Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері 0,91%-ға арзандап, барреліне 98,49 доллар болды.

Ал NYMEX алаңында WTI маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 1%-ға төмендеп, барреліне 93,74 долларды құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 471,46 теңге, еуроны – 555,38 теңге, рубльді – 6,18 теңге деңгейінде белгілеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: