224 миллион доллар айналым: ҚМА ТМД-дағы ең ірі криптоқызмет туралы жаңа мәліметтерді жариялады

Биткоины, биткоин, криптовалюта, криптовалюты, цифровая валюта, майнинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 11:09 Фото: pixabay
2026 жылғы 29 сәуірде Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі ТМД-дағы ең ірі криптоқызметтердің бірі саналатын "RAKS Exchange" туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, бұған дейін "RAKS Exchange" қызметінің тоқтатылғаны хабарланған болатын. Ол цифрлық активтер арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және қылмыстық кірістерді заңдастырумен айналысқан деген күдікке ілінген.

"Аталған криптоалмастырғыш арқылы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова аумағында әрекет еткен 200-ден астам есірткі интернет-дүкендерінің транзакциялары өткен. Платформаның жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан." ҚМА баспасөз қызметі

Ауқымды криптотергеу барысында Follow the Money тәсілі аясында есірткі құралдарының заңсыз айналымына және даркнет алаңдарының қызметіне қатысы бар 4 000-нан астам криптоәмиянға блокчейн-талдау жүргізілді.

Криптотергепу нәтижесінде жалпы сомасы 9,7 млн USDT-тен асатын цифрлық активтер бұғатталды.

"Қазіргі кезеңде анықталған қаражаттың бір бөлігі – 3,2 млн USDT тәркіленді. Олардың қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденіп, қаражат Агенттіктің арнайы шотына аударылды." ҚМА баспасөз қызметі

Нәтижесінде азаматтардың денсаулығына қауіп төндірген арна жолы кесілді. Ірі көлемдегі есірткі жеткізілімдері тоқтатылып, тарату инфрақұрылымы жойылды, бірқатар есірткі интернет-дүкендерінің қызметі тоқтатылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: