Қазақстанға +43°С-қа дейін аптап ыстық келеді

Сильная жара, лето, высокая температура, термометр, зной, солнце, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 11:45 Фото: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2026 жылғы 18–20 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазгидромет РМК мәліметінше, ел аумағында алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады. Бұған атмосфералық фронттардың өтуі және биіктік ойпаңның әсері себеп.

Бірқатар өңірлерде өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Елдің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталық бөлігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін, бұршақ түсіп, жел күшеюі ықтимал.

Сонымен қатар, 19–20 маусым күндері республика батысында ауа температурасы қатты көтеріліп, +40…+43°C дейін аптап ыстық болады.

"Елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Алматы, Астана және Шымкент қалаларында 17–19 маусым аралығында күтілетін ауа райы туралы да болжам жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: