Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2026 13:21 Фото: unsplash
Қазгидромет синоптиктері 2026 жылғы 23–25 маусымға арналған ауа райының жаңартылған болжамын жариялады. Мәліметке сәйкес, Астана қаласында шаңды дауыл мен бұршақ күтілсе, Алматы және Шымкент қалаларында аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

23 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл, желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.

24 маусым: күн ала бұлтты, кей уақыт жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл. Таңертең және күндіз бұршақ. Желдің екпіні 20 м/с дейін. Түнде +18…+20°C, күндіз +23…+25°C.

25 маусым: күн ала бұлтты, кей уақыт жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ. Жел 15–20 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +25…+27°C.

Алматы

23 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.

24–25 маусым: күн ала бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні 13 м/с дейін. Күндіз +33…+35°C.

Шымкент

23 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 20 м/с дейін. Түнде +17…+19°C, күндіз +37…+39°C.

24 маусым: күн ала бұлтты, кей уақыт жаңбыр, найзағай. Жел 15–20 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

25 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 13 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

Бұған дейін Қазгидромет 22 маусымға арналған дауылды ескерту жариялап, Астана, Шымкент және еліміздің 17 өңірінде қауіпті метеожағдайлар күтілетінін хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: