Алматыда сәбиін құшағына алып курьер болып жұмыс істеген келіншектің тағдыры белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Алматыда сәбиін құшағына алып курьер болып жұмыс істеген жас ананың жағдайына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 12:05 Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Алматыда сәбиін құшағына алып курьер болып жұмыс істеген жас ананың жағдайына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, аталған оқиға қоғамда жария болғаннан кейін Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жедел әрекет еткен.

"Мамандар олардың үйіне барып, жұмысқа орналастыру бойынша түрлі ұсыныстар жасады. Алайда отбасы ұсынылған көмектен бас тартты. Кейін олар Алматыдан өз еріктерімен кетіп қалды. Қазір отбасы бұрынғыдай Шымкентте ата-анасымен бірге тұрып жатыр", – деді Ербол Тұяқбаев Сенат кулуарында.

Бірінші вице-министр отбасыға мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай қысым көрсетілмегенін атап өтті.

"Қысым болған жоқ. Бұл – олардың өз шешімі. Отбасылық келісімге келген болуы мүмкін. Мүмкін ата-анасы шақырған шығар. Кеше ғана нақтылап сұрадым, Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бұл ақпаратты растады", – деді ол.

Еске салайық, 18 маусымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев сәбиін құшағына алып курьер болып жұмыс істеген қыздың оқиғасына қатысты пікір білдіріп, ведомство жүргізген зерделеу жұмыстарының қорытындысы жөнінде айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: