"Қазгидромет" Алматы, Астана және бірқатар қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2026 10:02 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Алматы, Астана және еліміздің тағы бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Синоптиктердің мәліметінше, 10 шілдеде Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.

Осындай кезеңде тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада ұзақ болмауға кеңес беріледі. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық дерттері бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені жөн.

Бұған дейін синоптиктер 2026 жылғы 10 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялаған болатын. "Қазгидрометтің" болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық +42 градусқа дейін көтеріліп, жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: