Қазақстандықтарға артық немесе қате төленген салықты қайтару тәртібі еске салынды

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 15:33 Фото: pexels
2026 жылғы 20 шілдеде Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) салық төлеушілерге артық немесе қате төленген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу (қайтару) тәртібін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

МКК түсіндіруінше, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, артық немесе қате төленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдердің сомасы салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде қайтарылады.

Мемлекеттік кірістер органдары қаражатты өтініште көрсетілген банктік шотқа аудару арқылы қайтарады.

Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген.

Жеке шоттары жүргізілетін салықтар мен төлемдерді бюджетке қайтаруды жеке шоттар жүргізілетін орны бойынша Мемлекеттік кірістер органы жүзеге асырады. Жеке шоттары жүргізілмейтін бюджетке төлемдерді қайтаруды (мемлекеттік баж, тіркеу алымы) оларды төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органы жүргізеді.

"Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару" мемлекеттік қызметі "e-Otinish" Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы ұсынылмайтынына назар аударамыз.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын уақтылы қайтару мақсатында белгіленген нысан бойынша салық өтініштерін мынадай тәсілдердің бірімен беру қажет:

  • қағаз жеткізгіште — "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы;
  • электрондық түрде – цифрлық үкіметтің веб-порталы eGov.kz немесе "Салық төлеуші кабинеті" веб-қосымшалары арқылы.

Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтару үшін жүгінген кезде көрсетілген ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: