21 шілдедегі сауда қорытындысы: доллар бағамы тағы төмендеді
Фото: Zakon.kz
Сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 469,56 теңгені құрап, 0,73 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің бағамы 5,97 теңгеге дейін төмендеді (-0,01).
Қытай юанінің бағамы 69,43 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде:
- АҚШ доллары 469,2–471,2 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр;
- еуро – 535,6–540,6 теңге;
- Ресей рублі – 5,65–5,79 теңге.
Сонымен қатар 21 шілдедегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,9%-ға арзандап, барреліне 88,44 АҚШ долларын құрады.
Ал америкалық WTI мұнайы да 0,9%-ға төмендеп, барреліне 82,50 АҚШ долларына дейін түсті. Қыркүйек айындағы фьючерстердің бағасы 82,07 АҚШ долларын құрады.
Еске салайық, таңертең Қазақстан Ұлттық банкі АҚШ долларының ресми бағамын 470,28 теңге, еуроны 537,53 теңге, Ресей рублін 5,99 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
21 шілде күнінің бірінші жартысындағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамымен бұған дейін жарияланған материалдан танысуға болады.