Ерлан Ақкенженов АҚШ елшісімен өңірлік энергетикалық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға өзара мүдделі екенін растады.
"Өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экспорттық инфрақұрылымның сенімді жұмыс істеуі және әлемдік нарықтарға энергия ресурстарын тұрақты жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды", – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, инвестиция тартуға және энергетика секторындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған Стратегиялық энергетикалық әріптестік аясындағы белсенді диалогті жалғастыруға дайын екенін растады.
Бұған дейін Каспий құбыр консорциумының нысандары маңында екі танкерге шабуыл жасалғаны хабарланған еді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, мұнай төгілмеді. КҚК нысандары штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript