Синоптиктер Алматы мен Шымкентке арналған ауа райы болжамын жаңартты

Парк имени 28 гвардейцев-панфиловцев, Дом офицеров, Музей музыкальных инструментов имени Ыкыласа, Алматы, весна в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 15:06 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК мамандары Қазақстанның үш ірі қаласына 2026 жылғы 7, 8 және 9 тамызға арналған ауа райы болжамын жаңартты. Астанаға қатысты болжам айтарлықтай өзгермесе, Алматы мен Шымкентте бұған дейін болжанған жаңбыр жаумайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдыңғы болжамда 8 тамызда Алматы мен Шымкентте өткінші жаңбыр жауатыны айтылған еді. Жаңартылған мәліметке сәйкес, еліміздің үш ірі қаласында да жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күннің ыстығы +40°С-қа дейін жетеді.

Астанадағы ауа райы болжамы

7 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3–8 м/с, күндіз 7–12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +26...+28°С.

8 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +26...+28°С.

9 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +30...+32°С.

Алматыдағы ауа райы болжамы

7 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +32...+34°С.

8–9 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс пен шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +32...+34°С.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

7 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +35...+37°С.

8 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23°С, күндіз +36...+38°С.

9 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +23...+25°С, күндіз +38...+40°С.

Қазақстанда 2026 жылғы 5, 6 және 7 тамызда ауа райы қандай болатынын сілтемеден білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: