Алматыда жаңбыр, Шымкентте +42°С аптап: 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay
Метеорологтардың мәліметінше, ең ыстық ауа райы Шымкентте болады. Онда ауа температурасы +42°С-қа дейін көтеріледі. Ал жауын-шашын тек Алматыда күтіледі.
Астана
12 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +26...+28°С болады.
13 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +28...+30°С болады.
14 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18°С, күндіз +32...+34°С болады.
Алматы
12 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +23...+25°С, күндіз +34...+36°С ыстық болады.
13 тамызда көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +23...+25°С, күндіз +35...+37°С қатты ыстық болады.
14 тамызда көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +23...+25°С, күндіз +35...+37°С болады.
Шымкент
12 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°С, күндіз +38...+40°С қатты ыстық болады.
13-14 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°С, күндіз +40...+42°С қатты ыстық болады.
Бүгін, 2026 жылғы 11 тамызда еліміздің қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланғанын осы сілтемеден білуге болады.