Қазақстан мектептерінде оқушыларға смартфон қолдануға рұқсат етіле ме
Фото: pexels
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 2026 жылғы 18 тамызда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылында мектептерде ұялы телефондарды пайдалану тәртібі қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер жаңа оқу жылында оқушылардың мектепте телефон пайдалануына қатысты қандай талаптар енгізілетінін сұрады.
"Қазіргі уақытта ұялы телефондарды пайдалану қағидалары әзірленді. Оған сәйкес, балалар оқу үдерісі кезінде телефон қолданбайды. Ұялы телефонды сабақ барысында белгілі бір тапсырманы орындау үшін қажет болған жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі", – деді Шынар Ақпарова.
Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі ұялы телефондарды пайдалануға қатысты бірыңғай талаптар әзірлеген. Ал оқушының телефонын кімге және қайда тапсыратыны секілді ұйымдастыру мәселелерін әр мектеп өз бетінше шешеді.
"Қағидаларда барлық негізгі мәселе қамтылған. Ал оқушының телефонды кімге және қайда тапсыратыны мектептің ішкі тәртіп ережелерінде нақтыланады. Телефондар сынып ішінде сақталуы немесе оларға арналған арнайы жәшіктер қойылуы мүмкін. Бұл мәселені әр білім беру ұйымы өзі шешеді", – деп қорытындылады Шынар Ақпарова.
Бұған дейін, 2026 жылғы 26 маусымда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа оқу жылында қандай оқушыларға смартфон пайдалануға тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript