Қазақстандық балалар арасында қандай аурулар жиі кездеседі

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, прием у врача, врач, врачи, доктор, доктора, осмотр врача, осмотр у врача, пациент, пациенты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2026 14:07 Фото: primeminister.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 18 тамызда өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылы қарсаңындағы қазақстандық балалардың денсаулық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, қазірдің өзінде 2 миллионнан астам бала профилактикалық тексеруден өткен.

"2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,3 миллион бала профилактикалық тексеруден өтті. Бұл жылдық жоспардың 52%-ын құрайды. Қалған балалар жыл соңына дейін тексеріледі. Нәтижесінде балалардың 11%-ынан, яғни 242 мың баладан түрлі ауру анықталды", – деді Ақмарал Әлназарова.

Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері мен бағалауына сәйкес, балалар арасындағы аурушаңдық деңгейі 15%-дан 25%-ға дейін жететінін атап өтті.

"Анықталған аурулардың ішінде тісжегі, қаназдық және миопия басым. Динамикалық бақылауды қажет ететін патологиясы анықталған балалардың 36%-ы есепке алынды", – деді Денсаулық сақтау министрі.

Бұған дейін жаңа оқу жылында Қазақстанда қанша баланың бірінші сыныпқа баратыны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: