Декларация тапсыру мүмкін емес: жүйе "500 қатесін" көрсетіп тұр

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2026 16:31 Фото: pexels
Салық консультанты Айдар Масатбаев 2026 жылғы 21 тамызда Астанада өткен форум аясында қазақстандықтар табыс декларациясын тапсыру кезінде тап болған мәселені айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Айдар Масатбаевтың сөзінше, қазақстандықтар 270.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыра алмай жүр.

"Сервистер жұмыс істемей тұр. Декларацияны тапсыру мүмкін емес – "500 қатесі" шығады. Мемлекеттік кірістер комитетінің қателер жіктемесіне сәйкес, бұл декларацияны комитет серверінің қабылдауы кезінде туындайтын қате. Қарапайым азаматтар бұл мәселені өздігінен шеше алмайды. Ең қиыны – жүйеде шимай жазбаны сақтау мүмкіндігі жоқ. Яғни адам декларацияны толтырғаннан кейін оны бірден жіберуі керек, ал сервер қате көрсетеді. Ақпараттық жүйелердің сапасыз жұмысы жеке тұлғаларға әсер етіп жатыр. Өкінішке қарай, бұл мәселенің шешімі әзірге жоқ деп ойлаймын", – деді ол.

Оның айтуынша, қарапайым азаматтарға қолжетімді, нақты әрі түсінікті шешімдер қажет.

2026 жылғы 11 тамызда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылға қатысты декларацияны 15 қыркүйекке дейін кімдер және қандай мәліметтер бойынша тапсыруға міндетті екенін түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: