"Қазгидромет" бес қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2026 09:09 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Алматы, Астана және Қазақстанның тағы үш қаласының тұрғындарына далада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді. Бұған қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) себеп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылған.

"2026 жылғы 26 тамызда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Алматы қалаларында, ал түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген синоптиктер ескертуінде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың, атап айтқанда желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсияның жиынтығы.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластаушы көздердің маңында ұзақ жүрмеу ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруге кеңес беріледі.

Бұған дейін синоптиктер 26 тамызға Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: