Қазақстанда кімдер әскери есепке алынбайды: ережеге өзгеріс енгізілді

Министерство обороны РК, МО РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 12:08 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрығымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңартылған қағидаларға сәйкес, мына санаттағы азаматтар әскери есепке алынбайды:

  • әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдер;
  • әскери қызметтен отставкаға шығарылғандар;
  • запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен шығарылғандар;
  • әскери қызметке жарамсыз деп танылып, әскери есептен шығарылғандар;
  • бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқандар;
  • Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұратындар;
  • құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері;
  • аталған органдардың әскери және арнаулы оқу орындарында білім алып жүрген курсанттар мен тыңдаушылар.

Бұйрық 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: