Күз кейінге шегерілді: Алматыға +33°C ыстық қайта оралады
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК болжамынша, 2026 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында үш қалада да жауын-шашын күтілмейді. Ең жоғары ауа температурасы Шымкентте тіркеліп, күндіз +35°C-қа дейін көтеріледі.
Астана
8 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.
9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.
10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.
Алматы
8 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C.
9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C.
10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C.
Шымкент
8-9 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.
10 қыркүйек: көшпелі бұлтты. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.
Айта кетейік, синоптиктер 8-10 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша жалпы болжамда бірқатар өңірде жаңбыр жауып, күн салқындайтынын хабарлаған еді.