Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконды таққа отыруымен құттықтады
Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 10 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконға таққа отыруына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, президент бұл айтулы оқиғаның Норвегия монархиясы тарихындағы маңызына тоқталды.
"Бұл айтулы күн сабақтастықтың, бірлік пен ұлттық бірегейліктің ажырамас бөлігі саналатын сан ғасырлық Норвегия монархиясының тарихындағы жаңа кезеңге жол ашады. Сіздің қалтқысыз қызметіңіз мемлекетті одан әрі өркендетіп, халықтың игілігін арттыра беретініне сенімім кәміл", – делінген жеделхатта.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Норвегия арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript