Жаз қайта оралады: Қазақстанда күн +30°C-қа дейін жылынады
Фото: пресс-служба акимата Алматы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 15-17 қыркүйек аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында құбылмалы ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды және жел күшейеді.
16 қыркүйектен бастап батыс циклонының ықпалымен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын жауып, жел күшейеді. Ал 17 қыркүйекте жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
"Республиканың қалған аумағында антициклонның әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Күндіз Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы біртіндеп +20...+27°C-қа дейін көтеріледі.
Ал еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасы төмендейді:
- батыста +19...+30°C-қа дейін;
- шығыста +18...+25°C-қа дейін;
- оңтүстік-шығыста +22...+28°C-қа дейін.
Бүгінге, 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript