Конституциялық сот аудио және бейнежазбаларды алудың заңдылығын қарады

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 16:33 Фото: Zakon.kz
Конституциялық сотқа қылмыстық процесте дәлелдемелерді бағалау мәселелері жөніндегі Жоғарғы соттың нормативтік қаулысы ережесінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш беруге аудио және бейнежазбалар дәлел ретінде пайдаланылған қылмыстық іс себеп болған.

Конституциялық сот заңды жолмен алынған мәліметтер ғана дәлелдеме ретінде танылуы мүмкін екенін атап өтті.

Даулы ереже аудио және бейнежазбаларды алу тәртібін белгілемейді. Сондай-ақ ол сотты мұндай материалдардың іске қатыстылығын, дәлелдеме ретінде пайдалануға жол берілетінін және анықтығын тексеру міндетінен босатпайды.

"Нақты жазбаларды алудың заңдылығы, сондай-ақ жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының сақталуы тиісті қылмыстық істі қарау кезінде қылмыстық қудалау органдары мен сот тарапынан бағалануға тиіс", – деп қорытындылады Конституциялық сот.

Бұған дейін Конституциялық сот жұмыс беруші мен қызметкер арасында бәсекелеспеу туралы шарт жасасуды реттейтін ҚР Еңбек кодексінің 29-бабы 1 және 2-тармақтарының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қараған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: