Конституциялық сот қазақстандықтың өтінішін неге қарауға қабылдамады

Юрист, юристы, юриспруденция, юридический консультант, юридическая помощь, право, правоведение, правовая система, адвокат, закон, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 15:32 Фото: pexels
Конституциялық сот азаматтардың заң нормаларын Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан тексеру туралы өтініштеріне қойылатын талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот қазақстандық азаматтың "Оңалту және банкроттық туралы" заңның банкроттық рәсімін жүргізу мен банкротты таратуды аяқтау мерзімдеріне қатысты жекелеген нормаларын тексеру туралы өтінішін зерделеді.

Өтініш берушінің пікірінше, даулы нормалар заңда белгіленген бес жылдық мерзім аяқталғаннан кейін де банкроттық рәсімін жалғастыруға мүмкіндік береді. Ол мұны өзінің конституциялық құқықтарының бұзылуы деп есептеген.

Алайда Конституциялық сот заңның 84-бабы 1-тармағын өтініш берушінің ісін қараған соттар қолданбағанын анықтады. Азаматтың өтініші конституциялық тексеруге қабылдануы үшін даулы норма оның құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нақты сот ісінде қолданылған болуы керек.

Сондай-ақ Конституциялық сот өтініш беруші заңның 112-бабы 1-тармағы Конституцияға неліктен қайшы келеді деген уәжін жеткілікті құқықтық тұрғыдан негіздемегенін атап өтті.

Осылайша, заңда белгіленген талаптар орындалмағандықтан, өтініш конституциялық іс жүргізуге қабылданбады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: