Қазақстаннан Қытайға теміржол арқылы астық экспорты 34%-ға артты

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 16:07 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов 2026 жылғы 29 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында астық тасымалының көлемі туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биылғы сегіз айда теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға артық.

"Оның 7,2 млн тоннасы экспортқа шығарылды, 2,1 млн тоннасы ел ішінде тасымалданды. Негізгі бағыттар бойынша да өсім байқалады. Орталық Азия елдеріне астық тасымалы 37%-ға, Қытайға 34%-ға артты", – деді Жәнібек Тайжанов.

Ресей порттары арқылы, соның ішінде Балтық және Қара теңіз бағыттарымен тасымалданған астық көлемі 9%-ға өсті.

"Ауғанстанға астық тасымалы 4,4 есе артып, 655 мың тоннаға жетті", – деп толықтырды вице-министр.

Бұған дейін Қазақстанда дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталуға жақындағаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: