Астанада жылыту маусымы 2 қазанда басталады

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, туризм в Казахстане, туризм в Астану, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 15:52 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 2 қазанда, жұма күні, Астанада жылыту маусымы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 2 қазаннан басталады.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, жылыту маусымына дайындық аясында жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сондай-ақ жөндеу жұмыстары жүргізіліп, желілерді жаңғырту шаралары жүзеге асырылған.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, 2 қазанға қараған түні елордада ауа температурасы +5°С-қа дейін төмендейді. Сонымен қатар 4 қазанға дейін қалада жаңбыр аралас қар жауады деп болжанып отыр.

28 қыркүйекте Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды жылыту маусымына дайындалуға шақырған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: