Қазақстан мен Сербия қару-жарақ алмасады
Фото: akorda.kz
Құрылтайда келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Белградта қол қойылғанын еске салды.
"Келісімнің мақсаты – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасында олардың ұлттық заңнамаларына сәйкес тең құқықтылық қағидаты негізінде өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастық орнату және оны одан әрі дамыту", – делінген заңға қатысты қорытындыда.
Келісім әскери мақсаттағы өнімдерді өзара жеткізуді көздейді. Олардың қатарына қару-жарақ, әскери техника, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ынтымақтастық барысында берілген немесе әзірленген зияткерлік қызмет нәтижелері, соның ішінде оларға қатысты айрықша құқықтар (зияткерлік меншік) кіреді. Сондай-ақ әскери-техникалық саладағы ақпарат, конструкторлық, нормативтік, техникалық, технологиялық және пайдалану құжаттамасы, тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамалары бойынша әскери мақсаттағы өнімдерге жатқызылатын өзге де өнімдер қамтылады.
Келісім тараптар арасындағы маңызды экономикалық қатынастарды нығайтып, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайды деп күтіледі.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресейдің мұнай жеткізу туралы келісімді жаңартатынын жазған едік.