Ауа ластанады: "Қазгидромет" төрт қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер Қазақстанның бірнеше қаласының тұрғындарына 2026 жылғы 12 қазанда ауа ластануының деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, 12 қазанда Жезқазған, Балқаш, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіз ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Сондай-ақ "Қазгидромет" ел аумағының басым бөлігінде дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер қою тұман түсіп, өрт қаупі болатынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript