Қазақстанда күн -8°C-қа дейін суытады: 20–22 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: Zakon.kz
Алдағы күндері, 2026 жылғы 20–22 қазанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынан белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
20 қазан, сейсенбі күні күндіз Павлодар облысында, ал 21–22 қазанда елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады деп болжанады.
"Түнде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында -1…-3°C-қа дейін үсік жүреді. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтілмейді.
Ел аумағында ауа температурасы төмендегідей болады:
- Батыста түнде -6…+2°C-қа дейін төмендеп, күндіз +15…+22°C-қа дейін жоғарылайды.
- Маңғыстау облысында түнде +2…+10°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +21…+26°C-тан +18…+23°C-қа дейін құбылады.
- Ақтөбе облысында түнде 0…+5°C-тан -6…-1°C-қа дейін құбылып, күндіз +12…+17°C-қа дейін жоғарылайды.
- Қостанай облысы мен елдің солтүстігінде түнде -6…-1°C-тан 0…+5°C-қа дейін құбылады. Күндіз +2…+10°C шамасында болады.
- Елдің орталығында түнде 0…+5°C-тан -6…-1°C-қа дейін, күндіз +3…+11°C-тан +7…+13°C-қа дейін құбылады.
- Шығыста түнде 0…+5°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +2…+7°C-қа дейін сәл төмендеп, өңірдің шығысында -1°C-қа дейін суытады.
- Оңтүстікте түнде 0…+5°C-қа дейін сәл төмендейді. Күндіз +18…+23°C-тан +12…+17°C-қа дейін құбылады.
- Оңтүстік-шығыста түнде 0…+8°C, таулы аудандарда -8…-3°C болады. Күндіз +15…+20°C-тан +8…+16°C-қа дейін құбылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript