"Қазгидромет" Астана мен тағы тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 09:02 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 18 қарашада Қазақстанның он қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 18 қарашада Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Жезқазған, Талдықорған, Өскемен және Павлодарда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Ал Астана, Атырау және Көкшетауда мұндай жағдай түнде күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жел тымық болғанда немесе баяу соққанда, тұман түскенде не температуралық инверсия байқалғанда қалыптасады. Осындай қысқа мерзімді құбылыстардың әсерінен ластаушы заттар ауаның жерге жақын қабатында жиналады.

Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК еліміздің 17 облысында ауа райының қолайсыз болуына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: