Қараша соңында қыстың орнына жаңбырлы жаз келгендей: Алматыда күн +19°C-қа, Шымкентте +25°C-қа дейін жылынады

Алматы, весна в Алматы, лето в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 15:33 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 24, 25 және 26 қарашада еліміздің ең ірі үш қаласында ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, осы күндері Алматы мен Шымкентте күн жаздағыдай жылы болады. Ауа температурасы Алматыда +19°C-қа, Шымкентте +25°C-қа дейін көтеріледі.

Астанада да күн жылы болады, бірақ оңтүстіктегідей жылылық күтілмейді. Елордада ауа температурасы +7°C-қа дейін көтеріледі.

Астана

24 қараша. Күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −1…+1°C, күндіз +2…+4°C болады.

25 қараша. Күн ала бұлтты, түнде аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −2…0°C, күндіз +3…+5°C болады.

26 қараша. Күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде −2…0°C, күндіз +5…+7°C болады.

Алматы

24 қараша. Күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C болады.

25 қараша. Күн ала бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C болады.

26 қараша. Күн ала бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C болады.

Шымкент

24 қараша. Күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +12…+14°C болады.

25 қараша. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C болады.

26 қараша. Күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C болады.

Осы күндерге арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: