Бір көлікке 300 литрге дейін: Алматыдағы көлік жуу орындары қанша су жұмсайды

Бір автокөлікті жууға қанша су жұмсалады? Бүгін, 2026 жылғы 25 қарашада "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі қала тұрғындарының назарын осы мәселеге аударды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 13:12 Сурет: pexels
Бір автокөлікті жууға қанша су жұмсалады? Бүгін, 2026 жылғы 25 қарашада "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі қала тұрғындарының назарын осы мәселеге аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күн сайын қаладағы жүздеген көлік жуу орнында мыңдаған литр су жұмсалады.

"Алматы Су" мамандарының мәліметінше, бір жеңіл автокөлікті жууға орта есеппен 100-ден 300 литрге дейін су кетеді. Егер күніне 50 көлік жуылса, жұмсалатын судың жалпы көлемі 5 мыңнан 15 мың литрге дейін жетеді.

Алайда кәсіпорын мамандары суды үнемдеудің тиімді тәсілі бар екенін атап өтті. Ол – суды қайта пайдалану жүйесі.

Бұл технология пайдаланылған суды арнайы сүзгілер арқылы тазартып, оны қайта қолдануға мүмкіндік береді.

Мәселен, қазіргі уақытта Наурызбай ауданындағы 21 көлік жуу орнын суды қайта пайдалану жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін, 23 қарашада "Алматы Су" кәсіпорны қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы жадынама ұсынған еді. Мамандар май мен тоңмай қалдықтарын кәріз жүйесіне төгуге неліктен болмайтынын түсіндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: