Жаңалықтар тізбегі
0

Астаналық тұрғынды көлікті қайта рәсімдеуге көмектесемін деп алдаған күдікті ұсталды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, мошеннические схемы, вид мошенничества, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 09:41 Фото: Zakon.kz
Астаналық полиция қызметкерлері көлік алаяқтығына қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы ер адамды тұтқындады, – деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, Есіл ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны жүгінген. Ол белгілі бір ер адам автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде беріп, оның ақшасын алаяқтық жолмен иемденгенін хабарлаған.

"Жәбірленушінің айтуынша, ол сату туралы хабарландыруды "Колеса КЗ" қосымшасына орналастырған, содан кейін оған ер адам қоңырау шалып, көлікті сатып алу және тексеру сылтауымен кездесуге келіскен. Келіссөздер барысында "сатып алушы" жарты миллион теңгеге автокөлікті қайта ресімдеуге көмектесемін деген. Кепіл ретінде жәбірленуші алаяққа 215 мың теңге аударған. Алайда алаяқ уәделерін орындамаған және байланысқа шығуды тоқтатқан". ҚР ІІМ

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті азаматтарға алаяқтардың құрбаны болмау үшін барлық қызметті мемлекеттік органдардан алу қажет екенін ескертті.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы тас жолдардың бірінде жеті адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты орын алғаны хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: