Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр

2026 жылғы 29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2026 12:44 Сурет: akorda.kz
2026 жылғы 29 мамырда Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ресм ақпаратқа сай, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Бұған дейін, 28 мамырда Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өткен болатын. Сол жиында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті форумның Еуразиялық интеграцияны дамытудағы басым бағыттар бойынша кәсіби әрі нәтижелі диалог жүргізуге мүмкіндік беретін тиімді алаң екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: