Қазақстан халқының саны қаншаға жеткені белгілі болды

Перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2026 14:39 Фото: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми дерекке сәйкес, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 575 979 адам тұрған. Ал 1 мамырдағы мәлімет бойынша халық саны 20 562 993 адам болған. Осылайша, бір ай ішінде ел халқы 12 986 адамға көбейді.

Бюроның мәліметінше:

  • қала тұрғындарының саны – 13 168 438 адам;
  • ауыл тұрғындарының саны – 7 407 541 адам.

Қазақстанда әйелдер саны ерлерге қарағанда әлі де көп.

Елде:

  • әйелдер – 10 517 159 адам;
  • ерлер – 10 058 820 адам.

Халық саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Қалада 2 366 525 адам тұрады.

Екінші орында Түркістан облысы – 2 146 670 адам, ал үшінші орында Астана қаласы – 1 674 699 адам.

Ал халық ең аз қоныстанған өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 218 169 адам тұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: